|
Құрметті серіктес!
«Астық-Сервис-ҚЭА» ЖШС «Қазэкспортастық Холдингі» АҚ-ның еншілес компаниясы болып табылады.
«Астық-Сервис-ҚЭА» ЖШС қызметінің негізгі бағыты аграрлық өндіріс құралдарын: техника мен жабдықтарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы дақылдарының тыңайтқыштары мен тұқымдарын кәсіптік тұрғыда дистрибуциялау болып табылады.
Фирманың серіктестері Bayer CropScience, BASF, Cheminova, Nufarm, Monsanto, Chemtura, Hardi, Rapool, KWS сияқты және бірқатар өзге де ірі халықаралық компаниялар болып табылады. Жоғарыда келтірілген компаниялардың көпшілігімен олардың аграрлық өндіріс саласындағы өнімдері мен қызметтерін Қазақстан Республикасының аумағында эксклюзивті ұсынуға келісімдер жасалды.
Ауыл шаруашылығы секторының өндірушілерімен ұзақ мерзімді серіктестік қатынастарды орнату және өндіріс құралдарының толық кешенімен қамтамасыз ету «Астық-Сервис-ҚЭА» ЖШС-ның басым міндеттері болып табылады.
Бұл үшін компания сатып алу үрдісін едәуір жеңілдетуге мүмкіндік беретін икемді құралдар мен тетіктерді ұсынады – тауарлық және ақшалай жеңілдіктер, төлем мерзімі ұзартылатын икемді қаржылық кестелер, техниканы сатып алған жағдайда ұзақ мерзімді лизинг кестелері.
Біз компания мамандары теориялық және практикалық оқу семинарларының кешенді жобаларын жүзеге асыру, тікелей консалтинг және маусым бойы клиенттерге сервистік қолдау көрсету кезінде серіктестеріміздің қызметкерлерін жетілдіру және дамыту жөніндегі жұмыс бағдарламаларына ерекше көңіл бөлеміз.
Астық-Сервис-ҚЭА компаниясының бірегей ерекшеліктері..
Астық-Сервис-ҚЭА – бұл соңғы тұтынушыны ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығы, өсімдіктерді қорғау құралдары, тұқымдар, тыңайтқыштар және технологиялық қолдау, қаржылық қызметтер көрсету сияқты аграрлық өндірістің толық жинағымен қамтамасыз етуге қабілетті трансрегионалдық дистрибьюторлық компания.
Өндіріс құралдарының теңдестірілген жинағы бар республикадағы жалғыз компания: техника мен жабдықтар, пестицидтер, тыңайтқыштар, тұқымдар, консалтингілік қызметтер мен технологиялық шешімдер.
- Аграрлық өндірістің өзге де құралдарымен бірге техниканы 5-7 жылға ұзақ мерзімді лизингілеу мүмкіндігі.
- Фермерлер үшін икемді төлем кестесі, мысалы:
- Болашақ түсім астығынан сату
- Астықты кепілге қою немесе өзге де өтімді кепілдер бойынша сату
Құрметпен,"Астық-Сервис-ҚЭА" ЖШС
|