| |
2008 жылғы 16 мамыр – "ҚАЗЭКСПОРТАСТЫҚ Холдингі" АҚ Украинаның Херсон қаласындағы астық терминалын сатып алғаннан кейін халықаралық компанияға айналды. Сатып алу Холдингтің жеке қаражаттарынан қаржыландырылды. «УкрҚазэкспортастық» кәсіпорнының бас директоры қызметіне Харин Сергей Владимирович тағайындалды. Компанияның негізгі қызметі: элеваторлар салу, дақылдарды экспорттау және импорттау, жүктерді тасымалдау, портта жүктерді жөнелту, сыртқы сауда және тағы басқалары. Астық терминалында астықты сақтауға арналған қойма, вагон-хопперлерді жүктен босату станциясы, ленталы конвейерлер жүйесі, таразы жабдығы, шөміші бар жүк тиегіштер паркі қамтылған, терминалдық сыйымдылығы құрылыс аяқталғаннан кейін 35 мың тоннаны, өткізу қабілеті – жылына 1 млн. тоннаны құрайды. Осы терминал "ҚАЗЭКСПОРТАСТЫҚ Холдингі" АҚ-ның компаниялар тобының қара теңіз және жер орта теңізі астық нарықтарына қол жетімдікті қамтамасыз ететін стратегиялық объектісі болып табылады.
|
|